Accessibility links

Египетте төтенше жағдай аяқталды


Египетте Мұхаммед Мурси жақтастары мен полиция арасында болған қақтығыс. Каир, 14 тамыз 2013 жыл.
Египетте Мұхаммед Мурси жақтастары мен полиция арасында болған қақтығыс. Каир, 14 тамыз 2013 жыл.
Египеттің Каир қаласы соты елде үш айға созылған төтенше жағдай тәртібін жойды. Соттың төтенше жағдай тәртібін жою шешімі болжанған мерзімнен екі күн бұрын жарияланды.

Төтенше жағдай тәртібінің жойылғанын АҚШ құптады. Бірақ АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Джен Псаки Египеттегі жағдайға алаңдаушылық білдіріп, Вашингтонның Египетті "барлық азаматтардың құқықтарын құрметтеуге, оның ішінде бейбіт наразылық шерулерін өткізуге рұқсат етуге шақыратынын" айтты.

Египетте төтенше жағдай тәртібі 14 тамыз күні, әскерилердің бұрынғы исламшыл президент Мұхаммед Мурсиді биліктен кетіруіне наразылық акциялары полициямен қақтығыстарға ұласқаннан кейін енгізілген еді. Мурсиді қолдайтын "Мұсылман бауырлар" қозғалысы жақтастары мен полиция арасында болған қақтығыстардан жүздеген адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG