Accessibility links

Израиль еврей қоныстарын салу жоспарын тоқтатты


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху. Тель-Авив, 8 қараша 2013 жыл.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху. Тель-Авив, 8 қараша 2013 жыл.

АҚШ пен Палестина қарсы екендерін мәлімдеген соң Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иордан өзенінің батыс жағалауында еврейлерге арнап 20 мың баспана салу жоспарын тоқтатты.

Нетаньяхудың баспасөз қызметі 12 қараша күні таратқан мәлімдемеде "тұрғын үй басшылары еврейлерге арналған қоныстар салу жоспарын Израильдің өзге билік орындарымен келіспей жасаған" деп жазылған.

Израиль үкіметі бұған қоса, "Израиль әлемдік державаларды Иранды ядролық бағдарламасынан бас тартуға көндірмекке итермелеп отырған кезде еврей қоныстарын салу жоспары халықаралық қауымдастық пен Израиль арасында қайшылық тудырады" дейді.

Бұған дейін Палестина президенті Махмуд Аббас "егер еврей қоныстарын салу жоспары ары қарай жалғаса берсе, бейбіт келіссөздерді тоқтататынын" ескерткен.

Жаңа еврей қоныстарын салу жоспарына Израильдің басты одақтасы АҚШ та "алаңдаушылық" білдірген.

Палестиналықтар Израильден көп жылдар бойы Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Шығыс Иерусалимде еврей қоныстарын салуды тоқтатуды талап етіп келе жатыр. Палестина бұл аймақтарды құрамына қосып алғысы келеді.
XS
SM
MD
LG