Accessibility links

Қарағандыда полицей жолақтағы жаяуды қақты


Қарағанды облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет.

Қарағанды облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет.

Қарағандыда жол-патруль полицейі қызметтік көлігімен көшеде бір әйелді қағып кетті деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің (ІІД) ақпараты бойынша, 22 жастағы кіші полиция сержанты 12 қараша күні кешке жаяу жүргіншілер жолағында келе жатқан әйелді қағып кеткен. Аяғы сынған әйел ауруханаға жатқызылды.

Полицей әуелде оқиға орнынан кетіп қалған, бірақ кейін қайта айналып келіп зардап шеккен әйелге жедел жәрдем көлігін шақыртқан.

"Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама жүргізіліп жатыр. Полицейдің үстінен қызметтік тексеру жүргізілуде" дейді ІІД.

Полицейдің адам қағу, жол апатын тудыру оқиғалары бұған дейін Петропавл қаласында болған.
XS
SM
MD
LG