Accessibility links

БҰҰ: Ауғанстанда рекордтық көлемде апиын жиналды


Ауған фермері апиын алқабында жүр. Нангархар уәлаяты, Ауғанстан, сәуір 2013 жыл. Көрнекі сурет
Ауған фермері апиын алқабында жүр. Нангархар уәлаяты, Ауғанстан, сәуір 2013 жыл. Көрнекі сурет
БҰҰ Ауғанстанда апиын өсіру деңгейі биыл рекордтық көрсеткішке жеткенін хабарлады. БҰҰ-ның есірткі және қылмыс қызметі Ауғанстандағы есірткі өндірісі туралы даярлаған жыл сайынғы есебінде биыл бұл елде 5 мың 500 тонна апиын жиналғанын айтады. Бұл өткен жылғы Ауғанстанда жиналған апиын көлемінен 49 пайызға артық және дүние жүзінде жиналған барлық апиыннан көп.

БҰҰ дерегінше, есірткілік зат – героин жасалатын апиын өсіру 36 пайызға артқан. Ұйым есірткі өнімін өсіру деңгейінің артуы фермерлердің 2014 жылдың соңында елден НАТО күштері шығарылғаннан кейінгі шаруашылықтарына алаңдаушылықтан туындап отыр дейді.

Ауғанстандағы апиынның басым бөлігі елдің оңтүстік және шығыс территорияларында өсіріледі. Бұл аймақтарда Талибанның үстемдігі басым.
XS
SM
MD
LG