Accessibility links

Таразда теңгеге ескерткіш орнатылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Бүгін Таразда теңгеге тұрғызылған ескерткіш ашылды.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, диаметрі 120 сантиметр, салмағы жарты тонна болатын болаттан құйылған ескерткіш монета Ұлттық банк филиалы алдындағы саябаққа гранит тұғырға орнатылған.

Ескерткіш монетаның беткі жағында теңгенің белгісі ойылып жасалған. Монетаның сыртқы бетінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық валютаны айналымға енгізу туралы жарлығы жазылған.

Гранит тұғырдың бетінде 20 жыл бұрын алғашқы теңге Тараз қаласынан республикаға таратылғаны туралы ойып жазылған.

15 қарашада теңгенің айналымға енгізілгеніне 20 жыл толады.
XS
SM
MD
LG