Accessibility links

Мьянма 69 саяси тұтқынға бостандық берді


Мьянма табиғатының көрінісі. (Көрнекі сурет)
Мьянма табиғатының көрінісі. (Көрнекі сурет)
Жұма күні Мьянмада 69 саяси тұтқын бостандыққа шықты. Олардың көпшілігі - этникалық азшылық өкілдері. Бұл рақымшылық Еуропа Одағы делегациясының осы елге сапарымен дөп келді.

Amnesty International халықаралық құқыққорғау ұйымы Мьянма билігінің бұл шешімін құптай отырып, елде көптеген белсенділер азаматтық іс-әрекеттері үшін әлі де түрмеде отырғанын атап өткен.

Халықаралық ұйымның Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша жобалары директорының орынбасары Изабель Аррадон Мьянмада өз ой-пікірі мен ұстанымын ашық білдірген белсенділердің қудалауға ұшырап, оларға түрмеге қамалу қаупі төнетіні жайлы хабарлар түсіп жатқанын мәлімдеді.

Мьянма президенті Тейн Сейн жыл соңына дейін қамаудағы саяси тұтқындардың барлығына бостандық беруге уәде етті.

Мьянмада 2011 жылы наурызда әскери хунта билігін алмастырған жартылай азаматтық үкімет елде либералдық реформалар жүргізуді қолға алған еді.
XS
SM
MD
LG