Accessibility links

Махачкалада үйге бекінген бес күдікті қаза болды


Махачкалада қылмыс жасалған жерде тұрған полиция көлігі. (Көрнекі сурет)

Махачкалада қылмыс жасалған жерде тұрған полиция көлігі. (Көрнекі сурет)

Бүгін Ресейде, Дағыстан астанасы Махачкала қаласы маңындағы Семендер кентінде жеке үйге бекінген күдікті бес адамның көзі жойылған. Бұл туралы Дағыстан құқық қорғау органдары хабарлады.

Атыс басталардан бұрын ол үйден баласы бар әйелдің шығарылғаны хабарланды. Семендерде террорға қарсы төтенше жағдай жарияланып, күдіктілер бекінген үйді үкіметтің арнайы жасағы қоршауға алған.

Сонымен бірге әлгі үйге бекінгендер арасында Волгоградта автобуста жасалған жанкештілік жарылысқа күдікті саналатын Дмитрий Соколов бар болуы мүмкін деген ақпарат тараған. Ресейдің террорға қарсы ұлттық комитеті «келіссөздер барысында Соколов Волгоградтағы жарылғыш затты өзі жасағанын мойындағаны» туралы хабарлаған.

Волгоградта 21 қазанда күндіз қалалық автобустардың бірінде болған жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, қырыққа жуық адам жараланған. Ресей тергеу комитетінің өкілі "автобусқа мініп өзін өзі жарып жіберген әйелдің Соколовқа қатысы болуы мүмкін" екенін айтқан еді.
XS
SM
MD
LG