Accessibility links

Тәжікстанда президент Рахмон ант берді


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ант беру салтанатты рәсімінде. Душанбе, 16 қараша 2013 жыл.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ант беру салтанатты рәсімінде. Душанбе, 16 қараша 2013 жыл.

Бүгін Душанбеде Тәжікстан президенті болып жаңа мерзімге сайланған Эмомали Рахмонның ант беру салтанатты рәсімі өтті.

6 қарашада өткен президент сайлауының ресми нәтижесі бойынша 83 пайыздан көп дауыс жинаған 61 жастағы Эмомали Рахмон 8 миллион тұрғын халқының жартысынан астамы кедейшілікте өмір кешіп жатқан Тәжікстанды 1992 жылдан бері басқарып отыр. Ол осымен төртінші мерзімге сайналып, ел президенті ретінде ант беріп отыр.

Биылғы президент сайлауына елдегі бес саяси партиядан кандидаттар қатысты. Ал осы сайлауға Тәжікстан оппозициясы ортақ кандидат ретінде ұсынған Ойнихол Бобоназарованы билік тіркемей қойған соң ол сайлауға қатысудан бас тартқан. Сонымен бірге Тәжікстан социал-демократиялық партиясы биылғы президент сайлауына бойкот жариялаған еді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) билік бақылайтын бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау алдында тек Рахмонның кандидатурасына ғана көңіл бөлгенін сынаған.
XS
SM
MD
LG