Accessibility links

«Барахолкадағы» өрт өшірілді


«Барахолкадағы» өрт. Алматы, 17 қараша 2013 жыл.

«Барахолкадағы» өрт. Алматы, 17 қараша 2013 жыл.

«Барахолкадағы» өрттің жай-жапсары туралы оқиға орнында Азаттық тілшісіне Алматы қаласының өртке қарсы қызметінің өкілі Антон Кияткин баяндады.

Оның айтуынша, базардан өрт шыққаны туралы хабар өрт сөндіру қызметіне таңғы сағат алтыда түскен.

- Өртке «ең жоғарғы» деген дәреже берілді. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің - 31 техникасы мен 250 қызметкері, Алматы облысының 10 техникасы мен 45 қызмектері, "Қазавиаспастың" 1 тікұшағы жұмылдырылды, - дейді Кияткин.

Оның айтуынша, өртенген аумақ - «3 - 3,5 мың шаршы метр» болған және өртенген - «Құлагер» базары. Сағат түскі 11-ден кете өрт толық бақылауға алынып, ары қарай жайылу қаупі жойылған. Қазір өрт сөндірушілер өртті сөндірген.

Өрт аумағында негізінен саудагерлердің контейнерлері, қоймалары, халық тұтынатын тауарлар өртенген. 1 адам зардап шеккен (аяғын сындырған).

Бұған дейін де бұл базар өртенген еді. 2013 жылы 13 қыркүйек күні түстен кейін «Барахолка» аталып кеткен Алматыдағы ірі базардан өрт шықты. Ол жолы «Олжа», «Аян», «Керемет», «Алатау» базарлары өртенді. Оқиға орнында 60-қа тарта техника мен 320-дан аса қызметкер, екі тікұшақ жұмыс істеді. Өрттен зардап шеккен жеті адамға сол жерде дәрігерлік көмек көрсетілген. Төтенше жағдайлар қызметінің дерегі бойынша, өрт аумағы 5,4 мың шаршы метр болған.

19 қыркүйек күні өртенген базарлардың саудагерлері наразылық танытып, базар маңындағы жолды жапты. Полицияның арнайы жасағы келіп, оларды жолдан ығыстырған соң ғана автокөлік қозғалысы қалыпқа келді. Саудагерлер өрттен келген шығынды базар әкімшілігінен өндіріп беруді талап еткен.
XS
SM
MD
LG