Accessibility links

Обама Грузия халқын жаңа президентімен құттықтады


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 18 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 18 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
17 қараша АҚШ президенті Барак Обама Грузияның жаңа президенті Георгий Маргвелашвилидің ұлықтау рәсіміне орай Грузия халқын құттықтады. Бұл туралы Ақ үй таратқан мәлімдемеде айтылған.

Обама мәлімдемесінде "Грузияда билік алғаш рет бір президенттен екінші президентке демократиялық сайлау арқылы, бейбіт жолмен ауысқанын" жазған.

АҚШ президенті "Бұл жетістікке соңғы 20 жылда саясатқа келген көптеген көрнекті тұлғалар еңбек сіңірді, олардың қатарында биліктен кеткен Михаил Саакашвили мен қазіргі премьер-министр Бидзина Иванишвили де бар. Бұл адамдар Грузияда демократиялық институттардың орнығуына ықпал етті" дейді.

Обаманың сөзіне қарағанда, "Грузия демократияны дамыту жолында әжептәуір іс атқарған, соның ішінде әйелдердің қоғамдық өмірге араласуы жолында бірқатар жетістіктерге жеткен. Грузияның Еуроатлантикалық мүдделерге ұмтылысы да қолдауға тұрарлық әрекет".

Обама мәлімдемесінің соңында "Грузия басшыларын ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырған".

Грузияның жаңа президентін ұлықтау рәсімі 17 қараша өтеді деп хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG