Accessibility links

Ливияда үшкүндік ереуіл басталды


Триполиде жараланған адамды шерушілер көтеріп келеді. 15 қараша 2013 жыл.
Триполиде жараланған адамды шерушілер көтеріп келеді. 15 қараша 2013 жыл.
Ливия астанасы Триполи қаласында 17 қараша күні үшкіндік жалпыхалықтық ереуіл басталды. Ереуіл соңғы қақтығыста ондаған адамның өлуіне орай ұйымдастырылып отыр.

Бұл ереуілді өткізу туралы идеяны қалалық кеңес ұсынған. Ондағы мақсат - халықты сабырға шақыру, ұлттық бірлікті жоғалтпау, көпшілікке тәртіпсіздіктерге жол бермеу қажеттігін түсіндіру.

Жұма күні басталған Триполидегі қақтығыстарда 43 адам өлді. 400-ден астам кісі жараланды. Содырлар шерушілерге қарсы от атқан.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Триполидегі қақтығыстарды сынады. Керри ливиялықтарды мәселені бейбіт келіссөздер арқылы шешуге шақырды. Оның айтуынша, АҚШ Ливияға жәрдем беруін жалғастырады.

2011 жылы Муамар Каддафи билігін құлатумен басталған азамат соғысынан кейін де Ливияда қарулы қақтығыстар болып тұрады.
XS
SM
MD
LG