Accessibility links

Татарстанда ұшақ апатынан 50 адам қаза тапты


Әуежайдағы ұшақ апатқа ұшыраған орын. Қазан, Татарстан, 17 қараша 2013 жыл.

Әуежайдағы ұшақ апатқа ұшыраған орын. Қазан, Татарстан, 17 қараша 2013 жыл.

Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Татарстан астанасы Қазан қаласында 17 қарашада ұшақ апатынан 50 адам қаза тапқанын хабарлады. Министрлік өкілі Ирина Россиустың айтуынша, Boing 737 ұшағы жексенбі күні кешке әуежайға қонар кезде апатқа ұшыраған.

Мәскеуден ұшып келе жатқан ұшақтың бортында 44 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі болған. Татарстан премьер-министрі Юрий Камалтынов қаза тапқандар арасында республика президенті Рустам Миннихановтың ұлы Ирек Минниханов, Ресей Федералдық тергеу қызметінің Татарстан басқармасының басшысы Александр Антонов барын растады.

Ұшақ "Татарстан" әуе компаниясына тиесілі болған.

Қазір Қазан әуежайы жабық. Ұшақ апатына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.
XS
SM
MD
LG