Accessibility links

АҚШ Марсты зерттейтін спутник ұшырмақ


Марс ғаламшары. Көрнекі сурет.

Марс ғаламшары. Көрнекі сурет.

АҚШ бүгін ғарышқа Марс ғаламшарын зерттейтін жаңа спутник ұшырмақ. Maven деп аталатын аппарат Марсқа 10 айда жетіп, бір жыл бойы ғаламшарды айнала ұшып, оның беткі атмосфера қабатын зерттемек.

Ғарыш аппараты ғаламшарды эллипс бойымен 125 километр қашықтықта айнала ұшады.

Ғалымдар Марстың бірнеше миллиард жыл бұрын жылы, ылғал күйден суық, құрғақ ғаламшарға айналғанын зерттеп көрмек.

Үндістан да қарашаның басында спутник ұшырған.

Бұған дейін Марсты зерттеуге АҚШ, Еуропа Одағы және Ресей ұшырған спутниктер ғаламшарға жеткен еді.
XS
SM
MD
LG