Accessibility links

Чилиде президент сайлауының алғашқы кезеңі аяқталды


Мишель Бачелет, Чили президенттігінен үміткер.

Мишель Бачелет, Чили президенттігінен үміткер.

Чилиде 17 қарашада өткен президент сайлауының алғашқы кезеңінде Социалистік партия өкілі Мишель Бачелет алға шықты. Ол енді 15 желтоқсанда өтетін сайлаудың соңғы кезеңінде саяси бәсекелесі - консервативтік партия атынан түскен саясаткер әйел Эвелин Маттеймен бақ сынасады.

Бачелетке сайлаудың алғашқы кезеңінде дауыс берген сайлаушылардың 48 пайызы қолдау білдірген.

2006-2010 жылдары Чилидің алғашқы әйел президенті болған Мишель Бачелет араға үш жыл салып екінші мерзімге президент болудан үмітті.

Чили - Оңтүстік Америкадағы жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімі ең жоғарғы ел.
XS
SM
MD
LG