Accessibility links

Франция президенті Иранға "төрт талап" қойды


Франция президенті Франсуа Олланд. Иерусалим, 17 қараша 2013 жыл.
Франция президенті Франсуа Олланд. Иерусалим, 17 қараша 2013 жыл.
Франция президенті Франсуа Олланд Иранның уран байыту бағдарламасына қатысты мәселелерді шешу үшін төрт талап қойды. Бұл туралы ол 17 қарашада Иерусалимде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен өткізген баспасөз жиынында мәлімдеді.

Оландтың айтуынша, Тегеран әуелі Ирандағы барлық ядролық нысандарын халықаралық қауымдастықтың бақылауына рұқсат беруі тиіс. Екіншіден, Иран уранды 20 пайызға байыту жұмысын тоқтатуы қажет. Бұдан соң Иран қолда бар 20 пайызға байытылған уран қорын азайтуы тиіс. Олландтың төртінші талабы - Тегеран Аракта салынып жатқан ядролық реактор құрылысын тоқтатуы шарт.

Жиында Нетаньяху тіпті Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер жемісті болуы үшін санкцияларды жеңілдетуді емес, керісінше қатаңдатуды ұсынды.

АҚШ президенті Барак Обама өткен аптада Конгрессті Тегеранды ядролық қару жасаудан бас тартқызуды көздейтін келіссөздерден оң нәтиже шығу үшін Иранға жаңа санкциялар салмауға шақырған еді.

Иран мен "алтылық елдері" (АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия) 20-23 қарашада Женевада келіссөздерді ары қарай жалғастырмақ.
XS
SM
MD
LG