Accessibility links

Қазандағы апаттан "Эйр Астана" рейстері бөгелді


Татарстан астанасы Қазан қаласының әуежайында тұрған "Boeing 737" ұшағы.

Татарстан астанасы Қазан қаласының әуежайында тұрған "Boeing 737" ұшағы.

Татарстан астанасы Қазанда Boing 737 ұшағының апатқа ұшырауынан Қазақстанның "Эйр Астана" компаниясының осы қалаға ұшатын рейстері бөгелді. Бұл туралы компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкері Тілек Абдрахимовке сілтеме жасаған Tengrinews сайты хабарлады.

Компания өкілінің айтуынша, 17 қарашада Алматыдан Қазан қаласына ұшып шыққан КС149 рейсі апатқа байланысты Қазан әуежайы жабылған соң Ақтөбедегі қосалқы аэродромға қайтып кетіп, 18 қарашаға қараған түні Алматыға қайта оралған.

Бұдан өзге, кеше Қазаннан Алматыға ұшып келмек болған, бортында 62 жолаушысы бар КС150 рейсі де бөгелген. Жолаушылардың біразы бүгін Мәскеу арқылы жеткізілмек.

17 қараша күні кешкісін Мәскеуден Қазанға ұшқан Boeing 737 ұшағы әуежайға қонар кезде апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Апат салдарынан 50 адам қаза тапқан. Апаттан соң Қазан әуежайы уақытша жабылған.
XS
SM
MD
LG