Accessibility links

Египетте теміржол апатынан 24 адам мерт болды


Египеттегі теміржолда болған апаттардың бірі, қараша, 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Египеттегі теміржолда болған апаттардың бірі, қараша, 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Египетте пойыз бен бірнеше автокөліктің соқтығысуы салдарынан 24 адам мерт болып, 30-ға тарта адам жараланған.

Теміржолдағы апат оқиғасы Каирден оңтүстікке қарай 40 шақырымдай жерде болған. Бени-Суэйф қаласынан шыққан пойыз теміржол өткелінде шағын автобуспен және бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысқан. Қаза тапқандардың көпшілігі бір отбасының мүшелері.

Қазір апат себептері анықталып жатыр.

Теміржол қызметінің өкілдері автокөліктер қозғалысқа тыйым салатын белгі берілген кезде теміржолға қарсы бағытқа шығып кетпекші болған деген болжам айтады.
XS
SM
MD
LG