Accessibility links

Фукусимада ядролық отынды жою жұмысы басталды


Жапонияның Фукусима АЭС-інде залалсыздандыру жұмыстарын атқарып жатқан мамандар. (Көрнекі сурет)

Жапонияның Фукусима АЭС-інде залалсыздандыру жұмыстарын атқарып жатқан мамандар. (Көрнекі сурет)

Жапонияда инженерлер Фукусима атом электр станциясынан (АЭС) уран және плутонийді жою жұмыстарын бастады.

АЭС реакторларына пайдаланылатын уран және плутоний отынын жою - 2011 жылы наурызда цунамиден зардап шеккен Фукусиманы тазалаудағы ең қиын және қауіпті жұмыс болатын.

Бір жылдан астам уақыт ішінде Фукусиманың ядролық отын қоймасынан барлығы 1500-ге тарта уран және плутоний өзекшелері жойылуы тиіс. Бұл өзекшелер қоймада 2011 жылдан бері сақталып келген.

Фукусиманы толық істен шығару жұмыстары ондаған жылдарға созылуы мүмкін. АЭС маңындағы елді мекендердің көпшілігі қазір бос, қаңырап қалған. Радиация таралуынан қауіптенген тұрғындар бір кездері тастап кеткен баспаналарына қайта оралғысы келмейді.
XS
SM
MD
LG