Accessibility links

Ағылшын жазушысы Дорис Лессинг қайтыс болды


Ұлыбританиялық жазушы Дорис Лессингтің Нобель сыйлығын алып тұрған сәті. Лондон, 30 қаңтар 2013 жыл.

Ұлыбританиялық жазушы Дорис Лессингтің Нобель сыйлығын алып тұрған сәті. Лондон, 30 қаңтар 2013 жыл.

Ұлыбританиялық жазушы, феминистік және отаршылдыққа қарсы шығармалары үшін әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына ие болған Дорис Лессинг 94 жасында қайтыс болды. Жазушы жексенбіде Лондонда өз үйінде көз жұмған.

Дорис Лессингтің 1962 жылы жарыққа шыққан "Алтын дәптер" романы бүгіндері феминистік шығармалардың бастауы саналады. Жазушы 2007 жылы 88 жасында Нобель сыйлығына ие болған.

Лессинг саяси сындардан бастап ғылыми фантастика дейінгі тақырыптарда 50-ден астам кітап жазған.
XS
SM
MD
LG