Accessibility links

Азаттыққа хакерлік шабуыл жасалды


Азат Еуропа/Азаттық радиосы ғимараты. Прага.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы ғимараты. Прага.

Азат Еуропа/Азаттық радиосына (соның ішінде Азаттық радиосының Қазақ қызметі сайтына да) 14 қарашадан бастап DDoS-шабуыл жасалып, мультимедиалық және ақпараттық қызметтер жұмысы кідірді.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы президенті Кевин Клоуздың айтуынша, ұйымның техникалық қызметі интернет шабуылға байланысты мәліметті жинап жатыр.

DDoS-шабуыл кезінде серверге мыңдаған, кейде миллиондаған компьютерден жалған сұраныс келеді.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы директоры Люк Спрингердің айтуынша, 14 қарашада басталған бұл шабуыл кезінде Азаттық сайтына кейде секундына жүз мыңдаған компьютер қосылған.

Спрингердің сөзінше, хакерлер вирус жұқтырған миллиондаған компьютерді қолданған. Жалған сұраныс жолдаған компьютерлердің 80 пайызы - Қытайда, 20 шақты пайызы - Ресейде. Бірақ бұл DDoS-шабуылды анық кім жасағанына түсінуге септесе алмайды.

Мұндай ірі шабуылға 2008 жылы Азаттықтың Беларус қызметі тап болған еді. Қазір Азаттықта интернет байланыс қалпына келіп, жұмыс тұрақтанды.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы - АҚШ Конгресі гранты қаржыландыратын бейкоммерциялық ұйым.
XS
SM
MD
LG