Accessibility links

Маргвелашвили Грузияның жаңа премьерін бекітті


Грузия президенті Георгий Маргвелашвили. Тбилиси, 17 қараша 2013 жыл.

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили. Тбилиси, 17 қараша 2013 жыл.

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили премьер-министр қызметіне биліктегі «Грузия арманы» партиясы ұсынған елдің бұрынғы ішкі істер министрі Ираклий Гарибашвилидің тағайындалуын мақұлдады.

Гарибашвили үкімет құрамына өз кандидатураларын ұсынды. Үкімет құрамы бұрынғы күйінде қалып, тек ішкі істер минстрі қызметіне жаңадан Александр Чикаидзе тағайындалды. Грузия парламенті жаңа министрлер кабинетін осы аптада бекітеді деген болжам бар.

Өткен жексенбіде президент қызметіне кіріскеннен кейін Маргвелашвили отставкаға кетіп жатқан премьер-министр Бидзина Иванишвилидің үкіметіне министрлер кабинетінің жаңа құрамы анықталғанша жұмысын жалғастыра беру туралы алғашқы жарлығын шығарған еді.
XS
SM
MD
LG