Accessibility links

Сирияда көтерілісшілер жетекшісі көз жұмды


Көтерілісшілер мен үкімет әскері арасында шайқас жүріп жатқан Алеппо қаласындағы қарулы адам. Сирия, қазан, 2013 жыл.
Көтерілісшілер мен үкімет әскері арасында шайқас жүріп жатқан Алеппо қаласындағы қарулы адам. Сирия, қазан, 2013 жыл.
Сириядағы ең ірі көтерілісші топтардың бірінің жетекшісі зымыраннан жасалған шабуылдарда алған жарақатынан қайтыс болды. «Әл-Таухид жасақтары» тобын құрған Абдулкадир Салех 14 қарашада Алеппода жараланып, 18 қарашада Түркия ауруханаларының бірінде көз жұмған.

«Әл-Таухид жасақтары» ұйымында шамамен 10 мыңға тарта жауынгер бар деп саналады және ол Алеппо провинциясында Башар Асад күштерімен соғысып жатқан негізгі топ.

Биыл қыркүйек айына дейін бұл топ Сирия ерікті армиясы құрамында болған. Бірақ кейін «Ислам билігі» деп аталатын көтерілісшілердің басқа бір тобына қосылған.

Соңғы аптада Сирияда үкімет әскері көтерілісшілер күшін біршама әлсіретті.

Сирияда 2011 жылдың басынан бері жалғасып отырған азаматтық соғыс барысында қақтығыстардан қаза тапқандар саны жүз мыңнан асып кетті.
XS
SM
MD
LG