Accessibility links

Greenpeace-тің екі мүшесі кепілге босатылды


Greenpeace белсендісі фотограф Денис Синяковты (оң жақта) сот залынан шығарып жатыр. Санкт-Петербург, 18 қараша 2013 жыл.
Greenpeace белсендісі фотограф Денис Синяковты (оң жақта) сот залынан шығарып жатыр. Санкт-Петербург, 18 қараша 2013 жыл.
Санкт-Петербург соты кеше Арктикада мұнай өндіруге қарсылық танытқаны үшін ұсталған Greenpeace халықаралық экологиялық ұйымы кемесінде болған 30 белсендінің екеуін кепілге босатты.

Сот медик Екатерина Заспа мен фотограф Денис Синяковтің 61 мың 300 АҚШ долларын төлеп кепілге босап шығуына рұқсат етті.

Дүйсенбіде 30 белсендінің жетеуінің үстінен сот тыңдауы өткен еді. Сот австралиялық Колин Расселдің кепілге босату туралы өтінішін қанағаттандырмай, оны 24 ақпанға дейін қамауға алды.

Ресей үкіметі белсенділерді қыркүйекте ұстап, әуелде «қарақшылық жасады» деген айып таққан. Бірақ кейін оны алып тастап, «бұзақылық жасады» деген айып тақты. Greenpeace ұйымы белсенділеріне тағылған айыпты негізсіз деп санап, ұсталғандарды дереу босатуды талап етеді.
XS
SM
MD
LG