Accessibility links

БҰҰ Талибанға қатысты есебін жариялады


Талибанның бұрынғы жауынгерлері ауған үкіметі күштеріне қаруларын тапсырып жатыр. Герат уәлаяты, 23 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Талибанның бұрынғы жауынгерлері ауған үкіметі күштеріне қаруларын тапсырып жатыр. Герат уәлаяты, 23 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

БҰҰ биыл Талибанның қаза тапқан, жараланған, я қолға түскен жауынгерлері 12 мыңға жеткенін хабарлады.

18 қарашада БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жариялаған баяндамада Талибанның шығыны өткен жылмен салыстырғанда биыл үш есе көп екені айтылғанымен ұйым қызметін әлі де жалғастыра беретіні ескертілген.

БҰҰ биыл Ауғанстанның үкімет күштері содырларға қарсы жақсы жұмыс істегенін, оның ішінде бұған дейін Талибан басып алған кейбір аймақтарды қайтарып алғанын айтады. Бірақ үкімет күштеріндегі адам шығыны былтырғы жылғыдан көбейген.

Баяндамада Талибанның кірісін заңсыз апиын көкнәрін сатудан түскен қаржы құрайтыны, 2012 жылы заңсыз саудадан ұйымға 155 миллион АҚШ доллары көлемінде пайда түскені айтылған.
XS
SM
MD
LG