Accessibility links

Меркель: Киев ЕО-мен келісім шарттарын орындасын


Ангела Меркель, Германия канцлері. Берлин, 18 қараша 2013 жыл.
Ангела Меркель, Германия канцлері. Берлин, 18 қараша 2013 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель "Украинаның Еуропа одағымен (ЕО) еркін сауда туралы келісім жасасуға қажетті шарттарды орындауға ынтасы бар-жоғы белгісіз болып отыр" деп мәлімдеді.

ЕО Украинаға еркін сауда келісімін жасасу үшін демократиялық реформалар жасау міндетін қойған. Бұдан өзге ЕО Киевтен түрмеде отырған Украина экс-премьері Юлия Тимошенко босатуды талап етеді. ЕО Тимошенконы "саяси тұтқын" деп санайды.

Бундестагта сөйлеген Меркель Украинаны реформалар жүргізуге шынымен кірісіп, Еуропамен интеграцияға ұмтылатынын көрсетуге шақырды. Ол "егер Киев келіссөздер жасасуға қажетті шарттарға сай келіп жатса, ЕО Ресей тарапынан көрсетіліп жатқан экономикалық қысымды әлсіретуге көмектесуі мүмкін" екенін ескертті.

Ресей Украинаны Қазақстан және Беларусьпен бірге құрған Кеден Одағына қосқысы келеді.
XS
SM
MD
LG