Accessibility links

Грузия парламенті жаңа үкіметті бекітті


Ираклий Гарибашвили - Грузияның жаңа премьер-министрі. Кутаиси, 20 қараша 2013 жыл.

Ираклий Гарибашвили - Грузияның жаңа премьер-министрі. Кутаиси, 20 қараша 2013 жыл.

Сәрсенбіде Грузия парламенті елдің жаңадан тағайындалған премьер-министрі, 31 жастағы Ираклий Гарибашвили басқаратын жаңа үкімет құрамын бекетті.

Гарибашвили өткен жылдың қазан айынан бері ішкі істер министрі қызметін атқарған. Оның орнына Александр Чикаидзе министр болып тағайындалып, бұрынғы премьер Бидзина Иванишвили басқарған үкіметтің құрамы өзгеріссіз қалды.

Бұрынғы президент Михаил Саакашвилидің "Біртұтас ұлттық қозғалыс" партиясының депутаттары Иванишвилидің бұрынғы үкіметін экономикалық өсімді 7 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетіп жіберді деп айыптаған еді. Олар "бір де бір министрді ауыстырмаған Гарибашвили үкіметі бұл қиындықты қалай еңсереді" деп жаңа үкіметке қарсылық білдірген. Бірақ "Грузия арманы" партиясы парламентте көпшілік орынға ие болғандықтан үкімет құрамын бекіту қиынға түскен жоқ.

Бірнеше күн бұрын конституцияға енгізілген түзетулер бойынша, елде президенттің билік құзыреті шектеліп, кейбір өкілеттіктері премьер-министр мен парламентке беріледі.
XS
SM
MD
LG