Accessibility links

Иран келіссөзі екінші күнге жалғасты


Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер. Женева, 20 қараша 2013 жыл.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер. Женева, 20 қараша 2013 жыл.

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Тегеран мен "алтылық елдерінің" (АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия) Женевадағы келіссөзі екінші күнге созылды. Тараптар келіссөздерді 20 қарашада жалғастырған.

Әзірге қандай да бір ілгері жылжу болмаған келіссөздерде негізінен Иранның уран байытуды алты ай мерзімге тоқтата тұрып, есесіне батыс елдері салған санкцияны жеңілдету жайы қарастырылып жатыр.

Кейбір елдердің жетекшілері келіссөздер басталмай тұрып оның нәтижелі болуына ықпал еткісі келген. Мәскеуге сапармен барған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездескеннен соң Ресей президент Владимир Путин Мәскеудің "келіссөздер сәтті аяқталуға аз уақыт қалды" деп санайтынын мәлімдеген.

Нетаньяху Израильдің келіссөздер нәтижесі "шынайы әрі нақты" болғанын қалайтынын айтқан.
XS
SM
MD
LG