Accessibility links

Қырғызстанда оппозициялық депутат тұтқындалды


Қырғызстан парламентінің депутаты Ахматбек Келдібеков.

Қырғызстан парламентінің депутаты Ахматбек Келдібеков.

Қырғызстан парламентінің оппозициялық "Ата жұрт" партиясынан сайланған депутаты Ахматбек Келдібеков "коррупцияға қатысы бар" деген күдікпен тұтқындалды.

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, депутат кеше "2002-2005 жылдары мемлекеттік әлеуметтік қорды, 2008-2010 жылдары мемлекеттік салық қызметін басқарған кездерінде қаржылық алаяқтық жасады және қызметін теріс мақсатта пайдаланды" деген айыптармен ұсталған.

Келдібеков 2010-2011 жылдары аралығында парламент спикері болған.

"Ата Жұрт"" партиясының жетекшісі Камчыбек Ташиев Азаттықтың Қырғыз қызметіне Келдібековтің ұсталғанын растаған. Ол "депутатқа тағылған айыптардың саяси астары бар" деп мәлімдеген.

Ахматбек Келдібеков ұсталарынан бірнеше сағат бұрын "ешқандай заң бұзбағанын" айтып, өзіне қарсы тергеуді "саяси сауда" деп мәлімдеме жасаған.
XS
SM
MD
LG