Accessibility links

80 жыл бірге


АҚШ-тың Коннектикут штатында тұратын Джон және Энн Бетардың шаңырақ көтергеніне биыл 81 жыл толады. Өзінен 20 жас үлкен адамға тұрмысқа бермекші болған әкесінің шешіміне қарсы шыққан Энн 1932 жылы 25 қарашада сүйген жігітімен бірге қашып кеткен. Бүгінде 102 жастан асқан Джон тілін алмағаны үшін қызына қатты ренжіген қайын атасын өзге туыстары «бұлардың некесі ұзаққа бармайды» деп жұбатқанын қазір күліп еске алады. 98 жастағы Энн «бақытты болудың кілті – қандай қиындықта да бір-бірін түсінуде» екенін айтады. Екеуі өмірге әкелген бес баладан 14 немере, 16 шөбере сүйген. Джон және Энн Бетарлар – АҚШ-та ең ұзақ бірге өмір сүріп жатқан жұп атанып отыр.

XS
SM
MD
LG