Accessibility links

Ақтөбе соты "шетелдік миссионерді" елден шығаруды шешті


Ақтөбе облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет.

Ақтөбе облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет.

Ақтөбе қалалық әкімшілік соты Польша азаматына қалада "діни бірлестіктер туралы заңды бұзғаны үшін" айыппұл салып, Қазақстан аумағынан шығару туралы шешім шығарды деп хабарлайды BNews сайты.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлзия Мақсатқызының айтуынша, Польша азаматы, 48 жастағы Р.Паньчуковский "заңсыз діни қызметпен айналысқаны" үшін айыпты деп танылып, сот оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 375-бабының 3-тармағы бойынша 173100 теңге көлемінде айппұл салған.

Шешім әзірге күшіне енбеген.
XS
SM
MD
LG