Accessibility links

Сенат кейбір салық түрлерін өсіруді мақұлдады


Қазақстан парламенті сенатының отырысы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан парламенті сенатының отырысы. (Көрнекі сурет)

Парламент сенаты бүгін "Қазақстан республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымында мақұлдады.

Заң жобасында көлік, тұрғын үй, темекі және алкогольді өнімдерге (оның ішінде әсері күшті алкогольдік өнімдерге) салық мөлшерін ұлғайту қарастырылған. Құжатта бұдан өзге белгілі бір мерзімге дейін пайдаланылмаған жер телімдеріне салықты көбейту көзделген.

Бұған дейінгі талқылау кезінде кейбір депутаттар заң жобасына бірқатар өзгерістер енгізуді ұсынған еді. Олар "қозғалтқыш көлемі тек 4 мың текше сантиметрден асатын көлік құралдарына салықты көбейтуді", "2014 жылдың 1 қаңтарына дейін сатып алынған, қозғалтқыш көлемі 3 мың текше сантиметрден аспайтын көлік құралдарынан алынатын салық көлемін бұрынғы күйінде қалдыруды қолдайтынын" айтқан.

Әуелгіде экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі қозғалтқыш көлемі 3 мың текше сантиметрден асатын көліктердің салығын төрт есе өсіретін заң жобасын ұсынған еді.

Депутаттар бұған қоса үй салығын жаппай көбейтуге де қарсы болып, салықты "үйдің бағасына қарай белгілеу қажет" екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG