Accessibility links

"Ақ бұлақ" бағдарламасы үшін вице-министр сөгіс алды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қазақстанның өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин "Ақ бұлақ" бағдарламасына бөлінген қаржының игерілмегені үшін сөгіс алды. Бұл туралы бүгін сенат отырысында бағдарлама қаржысының игерілмеуіне жауапкершілік туралы депутаттардың сұрағына жауап берген өңірлік даму министрі Болат Жәмішев айтты.

"Өңірлік даму министрлігі "Ақ бұлақ" бағдарламасына бөлінген қаржыны игере алмағаны үшін вице-министр Серік Нокин сөгіс алды. Аталған бағдарламаға жауапты индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, бірқатар облыс әкімдерінің орынбасарларына да тиісті жаза берілді" деген Жәмішев.

Министр бұған қоса бұрыннан бар және енді салынып жатқан сумен қамтамасыз ету жүйелеріне қатысты мәселелерді тез арада шешуге тапсырма берілгенін де айтқан.

Бұған дейін премьер-министр Серік Ахметов "Ақ бұлақ" бағдарламасымен салынатын нысандардың мерзімінде пайдалануға берілмегеніне жауапты тұлғаларға шара қолданылатынын айтқан еді. Ол бағдарлама жобаларына қаржы бөлуде қателіктер кеткенін, бағдарлама жобаларының төмен деңгейде дайындалғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG