Accessibility links

Алматыда "Арал" базарын ішінара бұзып жатыр


"Арал" базарын бұзу
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:00 0:00
Жүктеп алу

ВИДЕО: Барахолкадағы "Арал" базарының алдыңғы қатарын бұзу басталды. 21 қараша 2013 жыл.

Алматыдағы бірнеше базар орналасқан "Барахолка" деп аталатын аумақтағы "Арал" базарының бір бөлігі бұзылып жатқаны туралы оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлады.

Базардың жолға жақын бірінші қатары бұзылып жатыр. Өзін Омарбеков деп таныстырған базар әкімшілігі қызметкері бұзылып жатқан қатардың "қызыл сызықта" орналасқанын айтады. Оның сөзінше, сауда орындары бұзылып жатқан саудагерлер заттарын алып кеткен.

"Арал" базарының маңында жүрген полиция өкілдері базардың қалған қатарларына ешкімді кіргізбей тұр. Омарбековтің айтуына қарағанда, бұзу жұмыстары 26 қарашаға дейін жүргізілмекші.

Азаттық тілшісі өрттен зардап шекпеген "Глория" базарының да бірінші қатарының саудагерлері заттарын алып кетіп жатқанын айтады. Саудагерлерге бұл қатардың да "қызыл сызыққа" жататындықтан бұзылатыны ескертілген.

Қарашаның 17-сі күні таңға жуық Алматыда жұрт "Барахолка" атап кеткен сауда орнындағы "Құлагер" базарынан өрт шыққан еді. Төтенше жағдайлар қызметінің есебі бойынша, "өрт 4 мың шаршы метрге жуық аумақты шарпыған".

Бұның алдында, 13 қыркүйек күні «Олжа», «Аян», «Керемет», «Алатау» базарлары өртенген еді. Зардап шеккен жеті адамға дәрігерлік көмек көрсетілген. Төтенше жағдайлар қызметінің дерегі бойынша, ол жолғы өрттің аумағы 5,4 мың шаршы метр болған.

Алматы қаласы әкімдігі мен «Барахолка» базарларының басшылығы арасында бірнеше жылдан бері жер дауы жалғасып келеді. Әкімдік 2013 жылы жазда «Барахолка» аумағынан өтуі тиіс жолды салу үшін «базарларды тәртіпке келтіретінін» мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG