Accessibility links

Қазақстан ЮНЕСКО комитетіне мүше болды


Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне Қазақстанның енген үш нысанның бірі - Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Түркістан қаласы, 21 тамыз 2012 жыл.

Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне Қазақстанның енген үш нысанның бірі - Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Түркістан қаласы, 21 тамыз 2012 жыл.

Қазақстан тұңғыш рет ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар комитетіне мүше болып сайланды. ҚазАқпарат-тың хабарлауынша, мүшелікке сайлау ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қолдайтын елдердің бас ассамблеясында өткен.

Қазақстан конвенцияға 1994 жылы қосылған. Қазір оған 190 мемлекет кіреді.

Қазақстан комитетке мүше болу арқылы мәдени және табиғи мұраларды сақтаудағы халықаралық тәжірибелермен таныса алады. Қазақстан комитетке 2013-2017 жылдары мүше болады.

Комитеттегі 12 орынға 22 мемлекет үміткер болған. Ол орындарға Қазақстаннан өзге Түркия, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Ливан, Перу, Польша, Португалия, Филиппин, Финляндия, Хорватия және Ямайка сайланған.

Қазір ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралары тізіміне Қазақстанның тек үш нысаны - Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің сәулеттік кешені, Алматы маңындағы Таңбалы тас археологиялық кешені мен петроглифтері, Қорғалжың мен Наурызым қорықтарын біріктіретін Сарыарқаның даласы мен көлдері кіргізілген.
XS
SM
MD
LG