Accessibility links

Белсенді түрмеден шықты


Greenpeace халықаралық экологиялық ұйымының белсендісі швейцариялық Марко Вебер Санкт-Петербург түрмесінен бостандыққа шықты. Өзін түрме қақпасында тосқан жұрттың сауалына: "Мен ештеңе айта алмаймын. Қайран қалып тұрмын. Әуелі өз-өзіме келіп, не болып жатқанын біліп алайын" деп қысқа ғана жауап берді. Сәрсенбі күні Ресей сот оны кепілге босату туралы шешім қабылдаған еді. Ұйымның хабарлауынша, жұма күні Санкт-Петербургте қамаудан кепілге босатылған тағы бірнеше адамның арасында аргентиналық Мигель Эрнан Перес Орзи, канадалық Пол Ружицки, голландиялық Маннес Убелс, америкалық Питер Уилкокс, ұлыбританиялық Энтони Перрет және Кирон Брайан бар. Апта басынан бері, қыркүйекте Арктикада мұнай өндіруге наразылық танытқандары үшін Ресейде қамауға алған 30 адамның 19-ы бостандыққа --> http://www.azattyq.org/content/news/25173632.html шықты. Ресей билігі әуелде оларға «қарақшылық жасады» деген айып тағып, бірақ кейін оны «бұзақылық» бабымен ауыстырған. 22 қараша 2013 жыл.

XS
SM
MD
LG