Accessibility links

Обама мен Нетаньяху Иранға қатысты сөйлесті


Израиль премьер-минстрі Беньямин Нетаньяху (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 30 қыркүйек 2013 жыл.

Израиль премьер-минстрі Беньямин Нетаньяху (сол жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 30 қыркүйек 2013 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерде келісім жасалғанына байланысты телефон арқылы сөйлесті. 24 қарашада әлемдік державалар Тегеранның уран байыту бағдарламасын уақытша тоқтатып, есесіне санкцияны жеңілдететін келісімге келген еді.

Нетаньяху телефондағы әңгімеде келісімді "тарихи қателік" деп бағалады. Ал Обама Вашингтон мен Тель-Авив бұл мәселе бойынша жеделдетіп кеңесу қажетін айтты.

Израиль мен батыс елдері Иранды ядролық қару жасап жатыр деп қауіптенеді. Тегеран өз ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсат көздейтінін айтады.

Тель-Авив Иранның ядролық державаға айналуы Израильдің мемлекеттігіне қатер төндіреді деп санайды. Израиль Тегеранның ядролық қару жасауына жол бермеу үшін кез-келген қадамға, оның ішінде әскери соққы беруге дейін баратынын ескертті.

Обама Нетаньяхуге АҚШ-тың Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету миссиясын атқара беретінін жеткізді.
XS
SM
MD
LG