Accessibility links

Дамаскідегі ұрыста 160 адам қаза тапты


Дамаскідегі қақтығыстардың бірінен көрініс. Сирия, 18 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Дамаскідегі қақтығыстардың бірінен көрініс. Сирия, 18 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Сириялық белсенділердің хабарлауынша, жексенбіде Дамаскінің шығысында үкімет күштері мен көтерілісшілер арасында болған қақтығыстардан 160-тан астам адам қаза тапқан.

Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory Human Rights ұйымының ақпаратына қарағанда, көтерілісшілердің үкімет қоршауын бұзып шығу шайқасы түн ортасында болған. Ұрыстарға "Әл-Қаидаға" жақын шетелдік көтерілісші топтар, үкімет әскері мен ливандық "Хезболла" ұйымының жауынгерлері қатысқан.

Құқық қорғау ұйымы ұрыс болған жерден хабар таратып жүрген екі журналистің қаза тапқанын айтады.

Сирияның үкіметтік бұқаралық ақпарат құралдары Дамаск маңындағы шайқас туралы әзірге хабарлаған жоқ.
XS
SM
MD
LG