Accessibility links

Ресей Сербия арқылы газ құбырын салуды бастады


"South stream" газ құбырының жобасы.
"South stream" газ құбырының жобасы.
Ресей "South Stream" ("Оңтүстік ағыс") газ құбыры жобасының Сербиядағы бөлігінің құрылысын бастады. Құбыр құрылысының басталу салтанатына Сербия президенті Томислав Николич пен Ивица Дачич, ресейлік "Газпром" компаниясының басшысы Алексей Миллер қатысты.

Сербия мен "Газпром" құбырдың Сербия арқылы өтетін 421 километрге созылатын бөлігін салуға 2012 жылы келіскен еді. Жобалық құны 1,9 миллиард еуроны құрайтын құбырмен газ айдау 2016 жылы басталады деп жоспарланған.

"South Stream" жобасы толық іске қосылғанда Ресей газы Қара теңіз арқылы Болгарияға, одан ары Сербия мен Венгриядан асып Батыс Еуропаға тасымалданбақ. Жоба іске қосылса Ресей газын Украина арқылы тасымалдаудан құтылады.

Ресей президенті Владимир Путин бұл құбыр жобасы "газды үшінші ел арқылы тасымалдаудан құтқарып, халықаралық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесетінін" айтқан.
XS
SM
MD
LG