Accessibility links

Жоғарғы сот Курамшин шағымын қанағаттандырмады


Азаматтық белсенді Вадим Курамшин. Алматы, 31 тамыз 2012 жыл.

Азаматтық белсенді Вадим Курамшин. Алматы, 31 тамыз 2012 жыл.

Бүгін Жоғарғы сот 12 жылға сотталған құқық қорғаушы Вадим Курамшиннің 2012 жылы шыққан үкіміне қадағалау өндірісін қозғау туралы шағымын қанағаттандырмай тастады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Курамшин "тергеу кезінде қылмыстық-процессуалдық заң бұзушылық болды және кінәм дәлелденбеді" деп Жоғарғы сотқа қадағалау өндірісін ашу туралы шағым түсірген еді.

Бүгін осы шағымды қараған Жоғарғы сот отырысында Курамшиннің адвокаты Рәзия Нұрмашева "Курамшинді әдейі айыпты деп таныды" деп, судьялар Моряк Шегенов пен Қалидолла Шаухаровқа қарсылық білдірген шағым түсірген еді. Бірақ сот адвокаттың шағымын да қанағаттандырған жоқ.

Шілде айында Жоғарғы сот Курамшиннің қадағалау өндірісін ашу туралы алғашқы шағымын қанағаттандырмай қойған еді.

Түрмедегі тұтқындардың құқықтарын қорғау қызметі арқылы танылған қоғамдық белсенді Вадим Курамшин 2012 жылғы желтоқсанның 7-інде «бопсалау» бабы бойынша айыпты деп танылып, 12 жылға сотталған.

Бұған дейін Вадим Курамшин Адам құқығы саласында Людовик Трарье атындағы халықаралық сыйлықтың 2013 жылғы иегері атанған еді. Курамшиннің өзі бұл сыйлықты ала алмайтындықтан желтоқсан айында Парижде өтетін марапаттау рәсіміне оның анасы мен інісі бармақ.

Вадим Курамшин – Қазақстанда «саяси және ар-ұждан тұтқыны» ретінде танылған адамдардың бірі.
XS
SM
MD
LG