Accessibility links

БҰҰ: Сирия бейбіт келіссөздері қаңтарда өтеді


Пан Ги Мун, БҰҰ бас хатшысы. Нью-Йорк, 25 қараша 2013 жыл.
Пан Ги Мун, БҰҰ бас хатшысы. Нью-Йорк, 25 қараша 2013 жыл.
Сирияда бейбітшілік орнатуға арналған келіссөздердің екінші раунды 22 қаңтарда Женевада өтетіні туралы БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун 25 қарашада мәлімдеді. Оның айтуынша, "Сирия үкіметі мен оппозиция өкілдері бірінші рет ұрыс алаңында емес, келіссөздер үстелінде кездеспекші".

Пан Ги Мун келіссөздерге нақты кімдердің қатысатынын айтқан жоқ. Ресей жағы келіссөздерге Иран өкілдерін де қатыстыруды ұсынған. Бірақ АҚШ пен Батыс елдері оған қарсы болған. Сирияның оппозициялық ұлттық коалициясы келіссөздерге президент Башар Асад отставкаға кеткен жағдайда ғана қатысатындарын ескерткен. Бірақ Дамаск ол талапты қабылдамай тастаған.

Сирияда қақтығыстар басталған 2011 жылдың наурызынан бері 100 мыңнан астам адам қаза тауып, миллиондаған адам босып кетуге мәжбүр болды.
XS
SM
MD
LG