Accessibility links

АҚШ Ауғанстанға пактіге қатысты ескерту жасады


АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Сьюзан Райс.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Сьюзан Райс.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Сьюзан Райс Ауғанстан президенті Хамид Карзайға "егер Кабул қауіпсіздік туралы пактіге қол қоймаса, Вашингтон батыс елдері әскерін ауған жерінен толықтай шығаруды ойластыратынын" ескерткен. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

Кабулдегі кездесуде Сьюзан Райс Карзайға егер ол пактіге тез арада қол қоймаса, АҚШ-тың 2014 жылдан кейін әскерін бұл елден толық шығарып әкетуді жоспарлаудан басқа амалы қалмайтынын айтқан.

Бұған дейін Карзай АҚШ-пен қауіпсіздік саласындағы пактіге қол қоюды кейінге ысырғаны туралы хабарланған еді.

Өткен аптада Ауғанстандағы "Лойя Жирга" жиыны мақұлдаған пактіде келесі жылы НАТО әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін америкалық әскерилердің осы елде қала беру жайы қарастырылған.
XS
SM
MD
LG