Accessibility links

БҰҰ: Сириядағы жағдай Иракқа кері әсер етеді


БҰҰ-ның Ирактағы өкілі Николай Младенов.

БҰҰ-ның Ирактағы өкілі Николай Младенов.

БҰҰ-ның Ирактағы өкілі Николай Младенов "Сириядағы қақтығыстар Иракта терроризм мен дінаралық шиеленісті күшейтіп жатқанын" айтады.

Дүйсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген Болгарияның бұрынғы сыртқы істер министрі Младенов "Иракта тұрақтылық орнату үшін Сириядағы қақтығыстарды тоқтатып, экстремизммен күрестің аймақтық стратегиясын жасау қажет" деді.

Ол Сириядағы қақтығыстардан Иракқа 200 мыңнан астам адам босып кеткенін, оның көпшілігі Күрдістан аймағына барғанын айтты.

"Ирактағы қауіпсіздіктің нашарлауы мен Ирак саясаткерлерінің өзара шиеленісін экстремистік топтар елде дінаралық қақтығыстарды тұтандыруға пайдаланып отыр" деді Младенов.

БҰҰ-ның дерегіне қарағанда, биыл шілде мен қазан айлары аралығында Иракта 9 мыңға тарта бейбіт тұрғын мен қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері шабуылдар мен жарылыстарда мерт болған. Олардың көпшілігінің қазасы радиклады экстремистердің мойнында деп саналады.
XS
SM
MD
LG