Accessibility links

Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі тағайындалды


БҰҰ белгісі. (Көрнекі сурет)

БҰҰ белгісі. (Көрнекі сурет)

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі болып Қайрат Әбдірахманов тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бүгін жарияланды.

Осы жарлыққа сәйкес, Қайрат Әбдірахманов бұған дейін істеген Қазақстанның Австриядағы төтенше және өкілетті елшісі, Словениядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы, Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі қызметтерінен босатылған.

Бұған дейін Қазақстанынң БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметін атқарған Бірғаным Әйтімова президент Назарбаевтың жарлығымен биыл тамызда Қазақстан парламенті сенатының депутаты болып тағайындалған.
XS
SM
MD
LG