Accessibility links

Қытай: Айға таяуда аппарат қондырамыз


Жердің табиғи серігі - Ай. (Көрнекі сурет)
Жердің табиғи серігі - Ай. (Көрнекі сурет)
Қытай желтоқсанның басында Айға алғашқы робот аппаратын қондырмақ. Бұл туралы бүгін Қытайдың ғылым, технология және ұлттық қорғаныс агенттігі мәлімдеме таратты. Агенттік аппараттың Айға нақты қашан қондырылатынын айтпады.

Агенттіктің хабарлауынша, робот аппараты Айдың беткі қабатын зерттемек. Аппаратқа "Jade Rabbit" ("Көкшіл қоян") деген ат берілген. Бұл атау Қытайдың ертедегі Айда мекендейтін қоян туралы мифінен алынған.

Қытай 2007 жылы Жердің табиғи серігіне алғашқы аппаратын ұшырып, ол Айдың беткі қабатын суретке түсіріп алған еді.

Қытайдың коммунистік басшылығы елді АҚШ және Ресеймен қатар тұратын ғарыштық державаға айналдыруды көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG