Accessibility links

Алматыда «Барахолка» тағы өртенді


17 қыркүйектегі өрттен кейінгі "Барахолка" базары. Алматы, 17 қыркүйек 2013 жыл.
17 қыркүйектегі өрттен кейінгі "Барахолка" базары. Алматы, 17 қыркүйек 2013 жыл.
Алматы қаласындағы «Барахолка» атанып кеткен сауда аумағында тағы өрт шықты деп хабарлайды Tengrinews агенттігі.

Хабарға қарағанда, "Алатау-2" базарындағы бірнеше контейнер өртенген. Өрт сөндіріліп, көршілес контейнерлер тексеріліп жатыр.

Биыл күзден бері «Барахолка» осымен үшінші рет өртенді. 17 қараша күнгі өрттен ондағы «Құлагер», «Арал» және «Еуразия» базарлары зардап шексе, оған дейін 13 қыркүйек күні «Олжа», «Аян», «Керемет», «Алатау» базарлары өртенген.

Алматыда базарлардың басым көпшілігі 1990 жылдары ашылған. Базарды жабуға мүдделі қалалық әкімшіліктің сөзінше, «ол базарларда құрылыс және санитарлық ережелер мүлдем сақталмаған, әрі базарлар көлік жолына кедергі жасайды».
XS
SM
MD
LG