Accessibility links

Қазақстан азаматының өлімін бірнеше күннен кейін растады


Қазақстан паспорты. Көрнекі сурет.

Қазақстан паспорты. Көрнекі сурет.

Сыртқы істер министрлігі Мәскеуде 23 қарашада өлтірілген 32 жастағы Біржаханым Нажапованың Қазақстан азаматы екенін бүгін растады.

23 қарашада Ресейдің тергеу комитеті Мәскеудегі Котловка өзені аңғарынан азапталып өлтірілген, 1981 жылы туған Қазақстан азаматының денесі табылғанын хабарлаған еді. Тергеу комитеті сол күні оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Қазір оқиғаны жедел-тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сыртқы істер министрілігі оқиғаны бақылауға алғанын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG