Accessibility links

Киевтегі наразылық жалғасты


Наразылыққа шыққан студенттер. Киев. 26 қараша, 2013 жыл.

Наразылыққа шыққан студенттер. Киев. 26 қараша, 2013 жыл.

Киевте Украинаның Еуропамен интеграциясын қолдаушылардың мерзімсіз наразылық акциялары жалғасып жатыр.

Бүгін «Еуромайдан» деп аталатын акцияға қатысушылар Еуропа Одағымен ассоциация туралы келісімнен бас тартқан премьер-министр Николай Азаров үкіметінің отставкаға кетуін талап етіп Үкімет үйі алдына тағы жиналды.

Мұның алдында Үкімет үйі алдында демонстранттар мен «Беркут» арнайы милиция жасағының арасында қақтығыс болды. Милиция жасағы қақтығыста демонстранттарға көзден жас ағызатын газ бен резеңке таяқ қолданған.

Украина қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, қақтығыстардың бірін арнайы аппараты бар шағын автобусты басып алған наразылық танытушылар шығарған.

Акцияны ұйымдастырушылар автобустан оппозицияның штабына бақылау жасалып, акцияға қатысушылар туралы ақпараттар жиналатынына айғақтар тапқанын мәлімдеген.

Украина парламентінің төрағасы Владимир Рыбак оппозиция 25 қарашада күн тәртібіне шығарған үкіметтің отставкаға кету мәселесі таяу уақытта қаралатынын хабарлады. Бірақ ол оппозицияның талабы парламентте жеткілікті қолдау табарына күмән келтірді.

Кеше түрмеде отырған экс-премьер Юлия Тимошенко Украинаның Еуропа Одағымен интеграциясын талап еткен демонстранттарды қолдап, аштық жариялады.
XS
SM
MD
LG