Accessibility links

Пәкістанда наразылар НАТО жүктерін бөгеп тұр


Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Хайбер Пахтунхва провинциясында наразылық танытушы жүздеген адам төртінші күн бойына көршілес Ауғанстандағы НАТО әскеріне жүк тасымалданатын жолды жауып отыр.

Наразылар америкалық ұшқышсыз аппараттардың рейдтерін тоқтатуды талап етіп, жолдағы жүк көліктерін тексеріп жатыр. Жүк көліктерін олар тек Ауғанстандағы НАТО күштеріне қажетті жүктер болмаған жағдайда ғана өткізіп отыр.

Биліктегі «Техрик-е-Инсаф» партиясының провинциядағы өкілі Имран Хан мұндай наразылық акцияларын осы сенбіде де – Талибанның Пәкістандық бөлімінің жетекшісі Хакимулла Мехсудтың қазасына бір ай толған күні өткізуге шақырды.

Хакимулла Мехсуд ұшқышсыз аппараттан жасалған шабуылдан қаза тапқан еді.

Кеше елдегі ауыр жүк көліктерін жүргізушілер кәсіподағы егер Хайбер-Пахтунхва тас жолы ашылмаса Ауғанстанға жүк тасымалдауды толықтай тоқтататындарын ескерткен еді. Кәсіподақ наразылық танытушылар жүргізушілерді соққыға жығып, жұмыс қауіпсіздігіне кедергі келтіретінін айтқан.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG