Accessibility links

Грузия Оңтүстік Осетияда "тартылған шекараға" алаңдаулы


Тбилиси Ресейдің Грузияның Оңтүстік Осетиямен шекарасына жақын Гогети ауылында тікенекті сым тартып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Грузия ішкі істер министрлігі сараптама департаментінің басшысы Давит Сужашвилидің айтуынша, шекарадағы жағдайдан халықаралық ұйымдар шетелдік дипломатиялық миссиялар құлағдар етілген. Ол жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауылға жақын аймаққа Грузияның қауіпсіздік күштері бақылауды күшейтетінін айтады.

Қыркүйекте АҚШ-тың Тбилисидегі елшілігі Грузияның сепаратистік Оңтүстік Осетия мен Абхазия аймақтарымен шекарасында «шекараны белгілеу» жұмыстарының жүргізіліп жатқанына алаңдаушылық білдірген еді.

Ресей 2008 жылы тамызда Грузиямен қақтығыста екі аймақтың тәуелсіздігін таныған. Содан бері Мәскеу ол аймақтарда әскер ұстап отыр. Грузия бұл екі аймақты өз территориясы деп санайды.
XS
SM
MD
LG