Accessibility links

АҚШ баспасөзі: Ассанжға айып тағылмауы мүмкін


WikiLeaks сайтының негізін қалаған Джулиан Ассанж. Лондон, 30 шілде 2013 жыл.
WikiLeaks сайтының негізін қалаған Джулиан Ассанж. Лондон, 30 шілде 2013 жыл.
АҚШ WikiLeaks сайтын құрған Джулиан Ассанжге ешқандай айып тақпауы мүмкін. Бұл туралы кеше АҚШ үкіметіндегі дереккөздеріне сілтеме жасаған New York Times және Washington Post басылымдары хабарлады.

Әділет министрлігінің аты-жөнін атамаған қызметкері New York Times басылымына "егер Ассанжға қарсы айып тағылса, онда WikiLeaks-тен алынған АҚШ мемлекеттік департаменті мен қорғаныс министрлігінің құпия ақпараттарын жариялаған журналистер де жауапқа тартылуы тиіс" болатынын айтқан.

Қазір Ассанж Эквадордың Лондондағы елшілігін паналап отыр. Эквадор оған саяси баспана берген. Бұған дейін Ұлыбритания соты Ассанжды Швецияға экстрадициялауға шешім шығарған еді. Швецияда оған "жыныстық бопсалаушылық жасады" деген айып тағылған.

Өзіне тағылған айыпты мойындамаған Ассанж сот шешімін орындаудан бас тартқан. Ол швед үкіметі өзін АҚШ-қа тапсырады деп санайды.

Америкалық басылымдар Ассанжға қарсы айып тағу немесе тақпау мәселесі әлі нақты қабылданбағанын жазады.
XS
SM
MD
LG